Каспийде мерт болған әскеридің бірі белгілі самбошы болып шықты
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кетіп, қаза тапқан сарбаздардың бірі — танымал спортшы Сержан Аяпберген екені белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, ТМД деңгейіндегі студенттер арасындағы жарыстардың жеңімпазы әрі дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің тұрақты қатысушысы болған.
«Маңғыстаудың спорт қауымдастығы үшін Сержан Аяпберген тек Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі болып қана қалмайды. Ол бала кезінен татамиге шығып, өз өңірінің намысын қорғады, медальдар жеңіп алып, спортта өзіндік даңғыл жолын қалыптастырған еді», — делінген ақпаратта.
Қыршын кеткен спортшы әрі сарбаздың қазасы жерлестері мен спорт сүйер қауымның қабырғасын қайыстырып, оның мезгілсіз өлімі бүкіл елдің жүрегіне ауыр тиді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...