Белгілі актер Үсіпхан Әбдікерімұлы өмірден өтті
421
Қазақстандық танымал актер, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Әбдікерімұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі жеткізді.
"Желтоқсан көтерілісінің" қаһарманы, "Құрмет" орденінің иегері, актер Үсіпхан Әбдікерімұлының қазасына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын. Жақындары мен отбасының және қызмет еткен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ауыр қайғысына ортақпыз", - делінген ресми хабарламада. Үсіпхан Әбдікерімұлы 1990 жылы театрымыздың актерлік құрамына қабылданып, С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншегінде" Абдолла, "Қыз жиырмаға толғанда" драмасында Есімсейіт, Д.Исабековтің "Анасын аңсаған қызында" Смат рөлін сомдап, өнер ошағында 1999 жылға дейін қызмет етті.
Соңғы жаңалықтар
17.06.2026
09:36
«Жүрегім кеудемнен шығып кете жаздады»: Дариға ...
17.06.2026
09:27
«Еденге лақтырып жіберген»: Павлодарда үш жасар...
17.06.2026
08:48
Қазақстандықтардың жеке деректері жабық сайт ар...
16.06.2026
17:19
Путинді мысқылдаған ресейлік суретшіні Польшада...
16.06.2026
17:17
«Ауыл бізден кеткен емес»: Ләйлә Сұлтанқызы бал...
16.06.2026
16:22
Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз ауыр к...