Павлодарда пауэрбанк жарылып, блогер қыз ауыр күйік алды
Павлодар қаласында фитнес-клубтағы жаттығудан кейін жергілікті блогердің сөмкесінде жатқан пауэрбанк жарылып, ол ауыр күйік алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Павлодар қаласындағы фитнес-клубта жаттығудан кейін болған. Диляраның айтуынша, үйіне қайтуға дайындалып жатқан кезде оның сөмкесінен кенет қою түтін шыға бастаған. Қыз түтінді бірден байқамаған. Ал сөмкені шешуге әрекет жасаған сәтте пауэрбанк жарылып кеткен.
Жарылыстан кейін қызды жалын шарпып, салдарынан оның басы мен қолдары қатты күйген.
Фитнес-клуб қызметкерлері дереу көмекке ұмтылғанымен, өртті толықтай сыртқа шыққан соң ғана сөндіре алған.
Зардап шеккен блогер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның күйіктерін ауыр деп бағалап отыр және сауығып шыққаннан кейін денесінде тыртықтар қалуы мүмкін екенін ескерткен.
Блогер қыз ауруханаға жатудан бас тартты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...