«Бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім». Әсел Асқар өмірден өткен сәбиін еске алды

07.10.2024
11:43
0
877
Блогер Әсел Асқар марқұм сәбиін есіне алып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Ол 2022 жылы сегіз айлық сәбиінен айырылып қалған еді.
Бүгін сенің жоқ болғаныңа екі жыл. Екі жыл бұрын сенің жүрегің тоқтаған сәтте мен жансақтау бөлімінде жүгіріп жүрдім. Сені ол жерден тезірек алып кету үшін қажетсіз қағаздарды ұстаған мен дәрігерлерге ешқандай шағымым жоқ екенін айту үшін зомби құсап жүрдім. Сол күні қандай ауыр жағдайда болғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Осы күні сені кептелісте бесік жырын айтып, мәйітханаға апара жатқан едім. Уақыт тоқтап қалғандай еді, – деп жазды актриса.Ол бұл қорқыныштан оянғысы келгенін айтады.
Имам келіп дұға оқыды, мен әзер шыдап тұрдым. Барлығы маған басу айтты... Құдай сені маған не үшін берді? Қайта алу үшін бе? Сыйлықты берген кезде қайта алмайды ғой. Имам келіп, барлығы мені асықтырды. Кеш түспей жер қойнына тапсыруымды айтты. Сені менен күшпен тартып алды. Сенімен бірге бұрынғы мен, Әсел де жоқ. Тек робот бар, – деп жазды ол.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.09.2025
09:06
"Тапанша кезесе, қалай суретке түсірген?":Талға...

12.09.2025
23:01
Студенттерді айдалаға көшіру керек – Жазира Бай...

12.09.2025
22:34
Ән айтқан Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды

12.09.2025
21:08
Әли Оқапов ел білмейтін сырқаты жайлы айтты
12.09.2025
20:45
"Жүрегімді түсінуге тырыстым": Тағы бір танымал...

12.09.2025
20:16
Атышулы Ақтау прокурорының ісі қайта қаралады