Атышулы Ақтау прокурорының ісі қайта қаралады

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуроры Ақтау қаласының мамандандырылған сотының Ерболат Әбдіровке қатысты істі тоқтату жөніндегі шешіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қазақстан Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, сот актісінің заңдылығы мен шағымның уәждері Маңғыстау облыстық сотында қаралады.
«Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес, қызметтік тексеру жүріп жатқандықтан, Әбдіров түпкілікті шешім шыққанға дейін қызметінен уақытша шеттетілді.
Бұған дейін, 9 қыркүйекте, Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны хабарланған. Тергеу барысында 27 тамыз күні Алматы әуежайында екі жерлесімен арасында жанжал болғаны анықталды.
Келесі күні полиция әкімшілік хаттама толтырғанымен, сот жерлестерінің ешқандай шағымы жоқ екенін және сараптама қорытындысында прокурордың әрекеті заң шеңберінен шықпағанын ескеріп, істі тоқтатқан еді.
Соңғы жаңалықтар




