"Білгендерін жасап отыр": Гүлзира Айдарбекова отбасын қаралап жатқандарға жауап берді
1918
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасында болған жағдайларды пайдаланып, желіде жанұясын қаралауға тырысқандарға жауап берді. Қайрат Нұртастың анасы желіде азулы жазба жариялады.
Гүлзира Айдарбекова қамауға алынған ұлына қолдау білдіргендермен қатар, отбасына қатысты түрлі қауесеттер таратып жатқандар да бар екенін жасырмады.
Белгілі продюсер даулы мәселені пайдаланып, жұлдызды жанұяны қаралауға тырысқандар туралы ойын айтты. Айдарбекова оларға деген өкпе-ренішін Instagram желісі арқылы жеткізді.
"Тас түскен жеріне ауыр. Ия Аллаға шүкір ең бастысы балам аман, шүкір! Менің өмірімнің бір бөлшегі сырым мен мұңымды, қуанышымды күнделікті бөлісіп отыратын өздеріңізсіздер. Бірақ басқа адамдарға таңым бар. Түрлі суретіңді қойып өздеріне салып, хайп жасап оқырман көбейту үшін білгендерін жасап отыр. Ол аздай өз адамдары астына пікір жазып, ойдан өсек құрап елді шулатып жатыр. Не болып барамыз, соған сеніп ары қарай өсек өрбітетін қаншама адамдар бар. Бірігудің орнына бір-біріміздің етімізді жеп, мазақ еткенде "Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте" демекші, түсініп жақсылық тілеушілер жетерлік шүкір. Ал күнделікті өсектеп, жығылдың ба деген мысқыл қуанышымен бөлісе алмай күндес тұтқандар, Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
11:04
Каспийде қаза тапқан БҚО-лық сарбаздардың фотос...
25.09.2026
10:59
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшіні...
25.09.2026
10:51
Каспийдегі сұмдықтан аман қалған сарбаз есін жи...
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...
25.09.2026
09:57
«Күзде оқу-жаттығу өткізуге болмайды»: Әскери с...
25.09.2026
09:26
Назарбаев қаза тапқан әскерилердің отбасы мен ж...