Бір шақырым жолды жөндеу үшін қанша қаражат жұмсалады? Министрдің жауабы
338
Орташа жөндеу шамамен 20-50%-ға қымбатқа түседі.
Бүгінде елімізде бір шақырым жолды жөндеу үшін 100 млн теңге керек. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты,-деп хабарлайды politico.kz
"Жолдың бір шаршы шақырымының құны ауа райы мен материалға байланысты. Мысалы, оңтүстікте асфальттың бір түрі, солтүстікте басқа түрі төселеді. Сондықтан (жолдың бір шаршы шақырымының құны) көптеген факторға байланысты", - деді Марат Қарабаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.Министр жолды орташа жөндеу әдеттегі жөндеуден ерекшеленетінін атап өтті.
"Жалпы бір шақырымның құны 100 млн теңге болады. Орташа жөндеу шамамен 20-50%-ға қымбатқа түседі. Мұнда жолдың негізі ұсақталып, қайта өңделеді, онда тұрақтандырғыш (стабилизатор) қойылады. Осылайша, ол жолдың негізіне айналады. Бұл жолдың беріктігін нығайтады. Орташа жөндеудің жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Бұл барлық норманы сақтаған жағдайда. Бір шақырым жолды күтіп ұстаудың құны – шамамен 2 млн теңге", - деді ведомство басшысы.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
17:49
"Да вы что?": Қорғаныс министрлігі Қосановтың к...
25.09.2026
17:17
Жетісу облысындағы алапат өрт: үш бала тірідей ...
25.09.2026
16:44
Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтар...
25.09.2026
16:34
Air Astana мен FlyArystan Каспийде зардап шекке...
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...