Оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу үшін шығады - блогер

Оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу үшін шығады - блогер
05.07.2025 09:39
0
176
видеодан алынған кадр

Хиджама маманы Әсия оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу үшін шығатынын айтты.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

«Оңтүстіктің қыздары күйеуге үй қызметшісі болу үшін шығады. Өйткені, «ой келін құл емес» деп арызданады. Көпшілігі күйеуге тигеннен кейін, тиетінін тиіп алады да күйеуінің қасына жатқысы келмейді. Тірлігін істеп, жүре береді. Кірін жуып, шайып жүреді. Бала-шағасын жайғастырып, ыдысын жуып, ананы, мынаны істеп жүре береді. «Күйеуім тез ұйықтап қалса екен, сол кезде кірем» деп өздері қашып жүреді. Негізінен, күйеуге тек сол жыныстық қатынас үшін тиеді қыздар. Басқа еш нәрсе үшін емес, бала туу үшін емес. Баланы Алла берсе туасың, бермесе тумайсың. Еркек әйелді жыныстық қатынас үшін алады. Ал әйелдер содан қашады. Мен сондай тұжырымдамаға келдім. Процедурама келетін әйелдер «ой мен бермей қойдым» деп айтады. Міндет сияқты. Күйеуі ештеңені жоғалтпайды, керегін алып келе салады. Бұл саған, сенің денсаулығыңа керек. Сенің психологиялық, физикалық денсаулығыңа керек», — деді желі қолданушысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий