“Болашақ” бағдарламасын “Келешекке” ауыстыру керек – Экономист
Болашақ бағдарламасы аясында 13 мың отандасымыз шет мемлекетте білім алып келіп, елімізді дамытуға үлес қосуда. Көбісі басшылық қызметте. Олар жаңа көзқарас, жаңа леп алып келді.
Әрине, ала да бар, құла да бар. Жүзден бірі ғана мемлекет үмітін ақтамайды. Бірақ осыған бола қалған 99 адамның жолын кесу қаншалықты дұрыс?
Тағы бір мәселе. Болашақ бағдарламасының аты дауға қалып жатқандықтан, оның осы ертеңгі күні тәуекел туындататын ережелеріне, кей баптарына өзгерістер енгізіп, атын «Келешек» деп өзгертіп, жаңартылған бағдарлама қабылдау. Бұл ең оңды шешім болады.
Келешек бағдарламасы – еліміздің келешегін айқындайтын даңғыл жол!
Айбар ОЛЖАЙ, экономист