Д. Тастекей: Ұлттық ойындарымыз ұлықталады
2566
«Дүниежүзілік көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ. Бұл ойын түркі жұртын одан әрі біріктіреді». ҚР Тоғызқұмалақ федерациясы қамқоршылар кеңесінің мүшесі Дулат Тастекей Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікірін білдірді.
- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары елімізде өткен қысқы Азия ойындары мен Универсиада ойындарымен бір қатарда тұратын айтулы шара. Қазақстанда өткізілуі ұлттық ойындарымызға жаңа леп әкеліп, ұлықталатынына қуаныштымын. Бұл ойындардан соң, бабадан қалған ұлттық спортымыз жаңғырып, дамитынына сенімдімін. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны еліміз үшін үлкен имидждік жоба болмақ. Бұл ойын түбі түркі жұртын одан әрі біріктіреді»,- деді меценат Д. Тастекей.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.
Соңғы жаңалықтар
23.03.2026
17:17
АҚШ Иранды атқылауды 5 күнге тоқтатпақ
23.03.2026
16:52
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйі...
23.03.2026
16:18
Тоқаев Иранның бауырлас елді бомбалауына алаңда...
23.03.2026
16:04
Наурызда несиеге сыйлық ала алмаған қазақстанды...
23.03.2026
15:00
Көрші елдің министрі темекі шеккені үшін жауапқ...
23.03.2026
14:17
Астанада жас жігіт танысын пышақтап өлтірді