Даниал Ахметов Нора Джерутоға финалда қолдау көрсету үшін Парижге барды

0
102

Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов жеңілатлеттермен кездесу үшін Парижге арнайы барды, деп хабарлайды Politico.kz.

Даниал Ахметовтің Париждегі спортшылармен бірге тұрған суреті әлеуметтік желіге тарап кетті.

«Федерация президенті Даниал Ахметов спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесті. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», – делінген жеңіл атлетика федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысында 9 жыл әкім болды. Ал 2018 жылдан бері жеңіл атлетика федерациясының президенті лауазымын атқарып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадағы легионер Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шыққан.


ПІКІР ЖАЗУ