Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен жерлестерін қолдап келді
462
Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге келді. Ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап № 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті. Осылайша қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды.
Елімізде су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырып, өзінің қай сәтте де қолдауға әзір екенін жеткізген әнші Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбе облысына келді.
Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.
Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.
Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.— Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, — деді әнші.
Соңғы жаңалықтар
16.03.2026
14:22
Қазақстанда зейнетке шығу жасы: 2026 жылы кім қ...
16.03.2026
14:01
Путин Тоқаевты референдумның аяқталуымен құттық...
16.03.2026
13:33
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл басты...
16.03.2026
13:14
Конституцияға енгізген кей өзгерістерді халықты...
16.03.2026
13:04
«Қанды қол қасапшы»: Журналист Әлнұр Мұсаевтың ...
16.03.2026
12:52
Рахат Тұрлыханов әйеліне қатысты жанжалдан кейі...