Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қазылған шұңқырға түсіп кетті
Қарағандыда бір жастағы бала серуендеп жүрген кезінде коммуналдық қызмет мамандары қазған шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға қаланың жеке секторындағы Чайкин көшесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бағана орнату үшін қазылған шұңқырдың тереңдігіне байланысты баланың анасы оны өз күшімен шығара алмаған. Көмекке құтқарушылар шақырылды.
Оқиға орнына жеткен мамандар баланы шұңқырдан шығарып, анасына тапсырды. Қатты қорқып қалған бүлдіршін кейін дәрігерлердің қарауына жіберілді.
Қазіргі таңда баланың жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтыланып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
16:03
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сор...
27.10.2026
15:54
Павлодарда волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы ...
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс