«Эйр Астана» қызметкеріне Бибігүл Төлегенованың сөзі өтпеген
 
                                
                                            
                                            0                                        
                                        
                                            
                                            2518                                        
                                    
                                    Қоғам белсендісі Лека Савельева Facebook-тегі парақшасында «Эйр Астана» әуе компаниясының президенті Питер Фостердің атына үндеу жолдап, қызметкерлерінің Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекі қарым-қатынас жасағаны үшін кешірім сұрауын талап етті.
    									                                    
                                    
                                
                                3 қыркүйекте сағат 10:30-да Астанадан Алматыға ұшатын «Эйр Астана» әуе компаниясының 852 рейсінде қоғамымыздың қайда бара жатқаны туралы ойлануға мәжбүрлейтін жантүршігерлік оқиға болды. Аты аңызға айналған әнші, КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова әуе жолаушыларының ұшаққа отыру үшін жең бойымен өтуін бақылаған «Эйр Астана» қызметкерінің дөрекілігі мен сыйламауына тап болды, – дейді Лека Савельева.Әуе компаниясының қызметкерлеріне Бибігүл Ахметқызының омыртқасында ауыр ақау бар екені ескертілген. Арбаға таңылған әншінің қызы ертіп келе жатқанда, оларды «Эйр Астананың» қызметкері тоқтатып, арбадағы жолаушыларды бірінші отырғызу керек немесе соңғы жолаушы өткенше күту керек дегенді қатты айтқан. Содан кейін Халық әртісі өзінің Астананың Құрметті азаматы және аз да болса ережеден ауытқуға лайық екенін алға тартып, «Эйр Астанадан» кешірім сұрауды және үлкендерге құрмет көрсетуді үйренуді талап етті. Әуе компаниясының баспасөз қызметі бұған жауап қайтарып, Халық әртісіне деген құрметін білдірді, бірақ кешірім сұрамады.
Халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, қозғалу мүмкіндігі шектеулі жолаушылар отырғызудың басында немесе соңында бортқа шақырылады. Бұл ереже барлық жолаушыларды отырғызу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар терминалдан эвакуациялау ережелерімен анықталады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова ханым және оны ертіп келген қызы отырғызу басталғаннан кейін келген. Сондықтан авиакомпанияның агенті отырғызу аяқталғанша күтуді сұраған. Әуе компаниясы түсініспеушілікке өкініш білдіреді және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бұл іске қосымша тексеру жүргізеді, – деп хабарлады компания.
Здесь пока ничего нет
                                                                            Соңғы жаңалықтар
 
                                        
                                            30.10.2025 
                                            22:39                                        
                                        
                                            Жұлдыз Қайрат Нұртастың не істеп жатқанын көрсетті                                        
                                    
                                                                    
                                         
                                        
                                            30.10.2025 
                                            20:23                                        
                                        
                                            Шымкентте мәйітті алып кету үшін ақша сұраған                                         
                                    
                                                                    
                                         
                                        
                                            30.10.2025 
                                            19:58                                        
                                        
                                            Барлығын Тасқынмен салыстырамын – Роза Рымбаева                                        
                                    
                                                                    
                                         
                                        
                                            30.10.2025 
                                            18:45                                        
                                        
                                            "Ешкімге ештеңе білдірмеді": Танымал актердің о...                                        
                                    
                                                                    
                                         
                                        
                                            30.10.2025 
                                            18:41                                        
                                        
                                            «Өз анамды шақырдым»: Заңғар Нұртастың әйелі ен...                                        
                                    
                                                                    
                                         
                                        
                                            30.10.2025 
                                            18:37                                        
                                        
                                            "Айтбек пен Бишімбаевтың қосындысы": SayMo-ның ...                                        
                                    
                                                            
                         
                            