Ертең Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шығады
932
Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот жарыссөзі аяқталды. Судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша жарыссөз үш күнге созылды. Айыпталушы денсаулығының нашарлағанын айтып, сотқа келмеді. Тараптар мен ескертулерді тыңдаған судья Мартпек Кәкімжанов жарыссөздің аяқталғанын жариялады. Енді Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевқа қатысты үкім 29 тамызда, сағат 16:00-де жарияланады.
Еске сала кетсек, бұған дейін жәбірленушілердің азаматтық талап арызы қаралды. Абай Жүнісовтің өкілі өзінің қамқорлығындағы адамға жалпы сомасы 2 млрд 662 млн теңге материалдық шығын, сондай-ақ 8 млрд теңге моральдық шығын келтірілгенін хабарлады.
Тараптар арасындағы жарыссыөз кезінде прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға, Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Коллаж: kursiv.media/Аружан Махсотова
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...
22.09.2026
16:51
Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек
22.09.2026
16:42
«Жігітке еркек болуды үйрету керек»: Ырысбала И...
22.09.2026
16:34
«Пышақпен қорқытып, шашынан сүйреп, басын диван...
22.09.2026
16:04
Мыс бар. Енді одан не жасаймыз?