«Жігітке еркек болуды үйрету керек»: Ырысбала Икрамбай ер азаматтардың тәрбиесіне қатысты ой қозғады
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – ер адамдардың жауапкершілігі мен ұсақталуы тақырыбын көтерді, деп хабарлайды Politico.kz.
Блогердің пікірінше, отбасы мен қоғамдағы барлық талапты тек әйелдер қауымына жүктей бермей, ер азаматтардың тәрбиесіне де баса мән берген жөн.
«Қызға әйел болуды емес, жігітке еркек болуды көбірек үйрету керек», — деп жазды ол.
Бұл пікір оқырмандар тарапынан қызу қолдауға ие болды. Сонымен қатар, блогер жеке өміріндегі жағымды жаңалығын да сүйіншілеп, әулеттің кенже ұлының шаңырақ көтеруге ниеттеніп отырғанын жеткізді.
«Отбасымызда ұлдардың кішісі Мадияр жігіт "бір басым екеу болса" деп ниетін білдірді. Қызын көрейік, үлкендердің алдынан өтіп, тойды бастаймыз ба?», — деп оқырмандарымен қуанышын бөлісті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...