Головкин жартылай финалдан аса алмаған Назым Қызайбайды мақтады
951
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп хабарлады politico.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықты Олимпиада медалімен құттықтаймын! - деді ол.Головкин Назым Қызайбайдың ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып келгенін атап өтті.
Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді, - деп толықтырды сөзін Геннадий Головкин.Оның айтуынша, Назымның бұл жетістігі көптеген жас спортшыға жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болады. Фото: Olympic.kz
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...