Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды
807
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі аяқталып, үкім шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Айта кетейік, бұл сот процесінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр.
Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы Абай Жүнісов оның нұсқауымен 2019 жылдың 13 ақпанынан шілдесіне дейін алты ай бойы өз еркінен тыс үйқамақта ұсталғанын айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар ол Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін олардың ортақ бизнесі – Baur Kazakhstan АҚ активтерін тартып алды деп айыптап отыр. Сот процесі 3 маусымда басталған.
Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу), 194-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы (зорлық-зомбылық қолдану қаупімен аса ірі мөлшерде бопсалау) бойынша айып тағылып отыр.
Онымен бірге оның қол астында жұмыс істеген Мәди Батыршаев Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (заңсыз бас бостандығынан айыру, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған алдын ала сөз байласу) айыпталып отыр.
Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды сот отырысында денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөзін айтудан бас тартты.
Коллаж: kursiv.media/Аружан Махсотова
Соңғы жаңалықтар
23.06.2026
23:21
Ербаян Мұхтар қайтыс болды
23.06.2026
20:40
Атыраудағы «ҚазАвтоЖолдың» шұрық-тесік жолдары ...
23.06.2026
19:51
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратег...
23.06.2026
19:44
Тоқаев Еуроодақпен виза режимін жеңілдету және ...
23.06.2026
19:40
Тоқаев Брюссельде Еуропа Одағының басшыларымен ...
23.06.2026
17:53
ҰҚК полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековті тергеп...