Гүлзира Айдарбекова келінімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
995
Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Жұлдызды ене ұлының келіншегіне мақтау сөздерін жаудырды.
Гүлзира Айдарбекова келініне деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген. Продюсер Әйгер Саркенованың бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шығып, оның ата-анасына алғысын айтқан.
"Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын ботам! Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың. Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...
02.10.2026
20:31
Мәмбет Қойгелді: Алаш болмаса, Сахарада қой бақ...
02.10.2026
20:28
СІМ соғыс аймағында жүрген қазақстандықтарға қа...
02.10.2026
19:24
Алматыда 9 жастағы балаға зорлық көрсетті деген...
02.10.2026
18:57
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын...
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...