Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға таеквондодан тұңғыш Азия алтынын сыйлады
354
Қазақстандық таеквондошы Темірлан Тілеулес Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ел спортының тарихына енді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол 58 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Қазақстанға таеквондодан Азия ойындарындағы тұңғыш алтын медальді сыйлады.
Финалда Тілеулес Курт Брайан Барбозамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласынан басым түсті.
Қазақстандық спортшы финалға дейін де мықты қарсыластарды жеңді. Алдымен Оман өкілін жарыстан шығарса, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандиді ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсикті 2:1 есебімен жеңіп, шешуші сынға жолдама алған еді.
Осылайша, Темірлан Тілеулес Азия ойындарында таеквондодан чемпион атанған алғашқы қазақстандық спортшы болды.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
18:57
Тоқаев Президент Әкімшілігіндегі бөлім басшысын...
02.10.2026
18:17
Тарихи жеңіс: Темірлан Тілеулес Қазақстанға тае...
02.10.2026
17:33
Зеленский Путиннің соғыс ережелерін сақтамауға ...
02.10.2026
17:27
Азия ойындарында қазақстандық спортшы допинг да...
02.10.2026
17:02
«Орнымнан тұрмасам, жолаушылар өлер еді»: Flydu...
02.10.2026
17:02
Тоқаев: «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықа...