Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметовпен бесік құда екенін айтты
856
Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев Елдос Сметов екеу бір-біріне бесік құда екенін айтып берді, деп хабарлайды politico.kz KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Елдос екеміз бір-бірімізге құдамыз. Бір күні Елдос әйел баласымен үйіме қыдырып келді. Әңгіме арасында Елдос маған «екеуміз қаншама уақыттан бері бірге күресіп, бірге келе жатырмыз. Қайда барсақ та бірге барамыз. Оқу-жаттығу жиындарына да, жарыстарға да бірге аттанамыз. Арамыздан қыл өтпестей доспыз.
Бірдеме айтсам ренжіп қалмайсың ба» деді. Көңілімде ештеңе жоқ, берден «айта бер, ренжімеймін» дедім. «Екеуміздің достығымыз мәңгілік болсын. Сенде қыз бар, менде ұл бар. Сенің қызыңа ұлымды қазақы дәстүрмен атастырғым келіп отыр. Бүгінгі достар болашақта құда-құдағи болайық» деді. Ауызым ашылып, көзім бақырайып тұрып қалдым. Ол маған «сол күнге жеткізсін демейсің ба? Мен сырғамды алып келдім» деп қызыма сырға тақты. Осылай екеуміз қазір бір-бірімізді көрсек «құдеке» деп сөйлесеміз», — деді Ғұсман Қырғызбаев.
Еске сала кетейік, кеше Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын.
Фото: olimpic.kz
Соңғы жаңалықтар
27.03.2026
16:14
Шалқарда 17 жастағы жасөспірімнің өліміне байла...
27.03.2026
16:08
"Қайын атам сыйға берген еді": белгілі имам әйе...
27.03.2026
15:30
Камералар қарапайым халыққа жұмыс істейді – деп...
27.03.2026
15:16
Мәскеуде танымал қазақ әншісі ұсталды
27.03.2026
15:03
«Жауап өте қарапайым»: Ресей АҚШ-қа қысым жасау...
27.03.2026
14:16
Қазақстанның тұңғыш әйел фармакологы туған күні...