«Хезболла» Израильді бір сағатта 320 зымыранмен атқылады
916
«Хезболла» Израильдің солтүстік аймақтарына 320 зымыран ұшырды, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
The Times of Israel басылымының хабарлауынша, қозғалыс еврей мемлекетіндегі 11 әскери базаға соққы жасаған.
Ал Jerusalem Post газеті Ливаннан Израильге 200-ге жуық зымыран атылғанын мәлімдеді. Басылымның дерегіне қарағанда, снарядтардың ұшырылуы жергілікті уақыт бойынша 05:30-дан 06:15-ке дейін тіркелген. Бірнеше зымыран Израиль аумағына жеткен.
Израильге зымырандық шабуылдан кейін шииттік «Хезболла» қозғалысы Бейрутта өзінің әскери қанатының қолбасшысы Фуад Шокрдың өліміне «алғашқы жауап» туралы айтты.
Израильге зымыран ұшыру қаупін жою үшін өзін-өзі қорғау аясында Израиль армиясының Ливандағы лаңкестік нысандарға соққы бергені бұрын хабарланған болатын. Ол жерден Хезболла израильдік бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды жоспарлаған, - деп жазды Израиль армиясының өкілі Даниел Хагари.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
12:02
«Жүрегімнің тыныштығы»: Айгүл Иманбаева жолдасы...
11.09.2026
11:54
Балқашта «Қазақмыс»-тың оқу полигоны ашылды
11.09.2026
11:06
11 қыркүйек оқиғасына 25 жыл: АҚШ-ты дүр сілкін...
11.09.2026
10:47
Қауіпсіздік кеңесінде не өзгерді: Тоқаев жаңа ж...
11.09.2026
10:38
Президенттің қыркүйектегі сапары қызу өтпек: То...
11.09.2026
10:35
«Өзімді таңдаймын дегенге сенбеңіздер»: Индира ...