«Күйеуіңді патшадай күтсең, қол көтермейді»: Қуат Хамитовтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті
408
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың TikTok-та қыздарға кеңес айтқан видеосы тарады, - деп хабарлайды politico.kz.
Бейнежазбадан спортшы тікелей эфирде бойжеткенмен диалог құрып, сөз таластырғанын көруге болады.
Файтер тәрбиелі қызға ғана үйленемін деген пікірде. Оның айтуынша, әйел күйеуіне қызмет етіп, ер-азаматын Құдайындай сыйлауы керек.
«Құдай қаласа, болашақта қызым болса, мен оған барынша жақсы тәрбие беремін. Қызыма «Егер Алладан басқа біреуге табынуға рұқсат етілсе, ол күйеуің болуы керек. Егер жұмаққа кіргің келсе, алдымен күйеуіңе қызмет ет, сен үшін күйеуің – барың» деп айтамын. Күйеу – сенің екінші Құдайың, оны қолда және сүй. ...Әйел тыныштық сыйлайды. Жұмыстан көңіл күйің болмай, шаршап келгенде, әйел әдемі киіммен, дәмді тамақпен күтіп алса, онда бәрін ұмытып, отбасыңнан күш аласың. Жұмыстан үйге асығып тұрасың. Күйеуіңді патшаны күткендей күтсең, ол саған қол көтермейді», - дейді спортшы.Спортшының сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оны даттап жатқандар да, қолдап жатқандар да бар.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
13:15
TikTok эфирінде балағат айтқан талдықорғандық ә...
23.09.2026
13:00
«Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әке»: Ә...
23.09.2026
11:39
«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин еске...
23.09.2026
11:37
Қазақмыс Жезқазғандағы кеншілерге заманауи жағд...
23.09.2026
11:14
«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезін...
23.09.2026
11:08
Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі тағайындалды