«Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әке»: Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары алимент дауын жайып салды

23.09.2026 13:00 Мөлдір ҚАЙНАР
«Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әке»: Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жары алимент дауын жайып салды
392
Фото: Sn.kz

«Мың теңге Танымал актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жұбайы Фариза Бекібай әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің балаларына қараспайтынын, алимент төлеуден жалтарып жүргенін ашық айтып шықты, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

Оның сөзінше, актерден алимент өндіру өте күрделі мәселеге айналған, тіпті төлемдер айлап түспейтін көрінеді. Осының салдарынан екі баланың барлық шығыны мен жауапкершілігі тек анасының мойнында қалып отыр.

«Алимент алу қиынның қиыны. Бірде көл, бірде шөл. Міне, төрт ай бойы мүлдем алмадық. Тіпті өзі салмайынша сұрамайтын жағдайға жеттік. Балалардың емі, дәрі-дәрмегі, мектепке киетін киімі – барлығы менің мойнымда. Балам әкесінен мың теңге сұраса да, "жоқ" деп жауап береді. Намыстанып, "сұрама" деп ұрысамын. Кейде менен тығылып сұрайды екен, оны телефонынан көріп қоямын. Екеуі де тек өзіммен еріп келген бала сияқты», – деп жазды Фариза Бекібай.

Сонымен қатар, ол әкесінің балаларға күнделікті қажетті қолдау көрсетуден қашқақтайтынын айтып ашынды.

«Негізі, балаларды асырау оның да мойнындағы міндеті. Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әкенің барынан жоғы жақсы деп есептеймін. Өзге ортада керемет болып киініп жүргенше, алименті мен балаларына киім-кешек, еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой, шіркін! Оларды бір рет те қыдыртқан емес. Үлкенін тек осы жазда ғана алып кетті. Бірақ қалған уақытта біз қол жаймаймыз. Күніміз соған қарамасын. Алла әділ», – деп түйіндеді актердің бұрынғы жары.

Войдите, чтобы оставить комментарий