«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин ескерткіші алынып тасталды

23.09.2026 11:39 Әсел МҰРАТ
«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин ескерткіші алынып тасталды
325
Фото: threads.com/@bauyrzhan_zhaksybergen

Алматы-1-дегі соңғы ірі Ленин ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Экономист Бауыржан Жақсыберген әлеуметтік желіде ескерткіштің алынып тасталған суретін бөлісті.

«Алматы-1-дегі соңғы ірі Ленин ескерткіші ақыры алынды. Бұл дәуірдің соңы ма, әлде қаланы кеңестік кезеңнің елестерінен тазартатын уақыт әлдеқашан жетті ме? Бір жағынан, бұл – тарих, бірнеше буын үшін үйреншікті нысан әрі «естелік». Екінші жағынан, қазіргі мегаполисте тоталитарлық режим өкілдеріне қойылған ескерткіштердің тұруы оғаш көрінеді. Ең қызығы, 2014 жылы оны алып тастауға әрекет жасалған еді. Алайда сол кезде қоғам қарсы болып, ескерткішті сақтап қалған. Ал қазір бәрі тыныш өтті – шу да, митинг те болған жоқ. Күресуден шаршады ма, әлде жұрттың бәріне бәрібір болып кетті ме?», – деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Жазба соңында ол оқырмандарына «Ленин ескерткішін ашық аспан астындағы музей экспонаты ретінде қалдыру керек пе, әлде оны отыз жыл бұрын-ақ алып тастау керек еді деп ойлайсыздар ма?» деген сауал тастады.

Войдите, чтобы оставить комментарий