Келесі қазақ ғарышқа қашан ұшады? – Аэроғарыш комитетінің жауабы
771
Келесі қазақстандық ғарышқа қашан сапарлайды және қандай мақсатпен ұшпақ? Бұл сұраққа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді,-деп хабарлайды politico.kz
Өздеріңізге мәлім, бізде бұған дейін ғарыштық 5 бағдарлама болды. Қазіргі таңда ғалымдарымыз 6-шы бағдарламаны жасап жатыр. Яғни жоба дайындық үстінде. Бірақ ол бағдарлама аясында кім ұшады деген сұраққа жауабымыз жоқ. Өйткені халықаралық ғарыш станциясына бару үшін Ресей мен АҚШ тарапынан оның құнын, қандай жағдай жасалу керегін сұрап, білуіміз керек. Бүгінгі таңда сұрақтар бойынша сараптама жасалып жатыр, - деді Оралмағамбетов Комитет төрағасының сөзінше, Қазақстан тарапы ғарышқа ұшу туралы шешімді бірнеше елмен келісіп барып, қабылдайды.Өкінішке қарай, елімізде нақты ғарышкерлерді дайындантын оқу орны жоқ. Егер ғарышқа ұшу туралы шешім қабылданатын болса, ол АҚШ немесе Ресейдің арнайы бағдарламасы арқылы ұша алады. Бүгінгі таңда елімізде әртүрлі миссиялар әзірленіп жатыр. Бәрін айта алмаймын, бірақ өте қызықты бағдарламалар бар. Енді олардың арасынан миссияларды іріктеп алуымыз керек, - дейді Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...
28.09.2026
15:14
Асхат Тарғын: Сүт алуға да ақша таппай қалған к...
28.09.2026
15:10
«7 ай бойы үндемедік»: Жамбылда қайтыс болған о...
28.09.2026
15:00
«Бір күнде екінші рет»: Алматыда тағы да жер сі...
28.09.2026
14:23
«Сахнадан қуылған соң тойға шықты»: Ресми айтыс...