«Күйеуіме бас идім»: Тамара Асар 48 жасын ерекше атап өтті

0
2411

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар 48 жасын ерекше атап өтті. Өнер иесі туған күнін тойлау жоспарында мүлдем болмағанын айтты. Алайда жолдасы оған тосынсый жасап, барша жақындарының басын қосқан, деп хабарлайды politico.kz.

Тамара Асар жаңа жасын қалай атап өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесі туған күнін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде ет-жақындарымен бірге тойлаған.

Әнші мерекелік кешті жолдасы өзі ұйымдастырып, оған тосынсый жасағанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызын Ақтау мен Астанадан көптен бөрмеген құрбылары құттықтап келген. Оған қоса Тамара Асардың қуанышына өнердегі әріптестері де ортақтасқан. Олардың арасында Маржан Арапбаева, Диная, Ғаділбек Жаңай, Дина Төлепберген бар.

«Мен таңның атысынан кеш батқанша түсірілімде жүрмін. Жолдасым екеуміз осы жолғы туған күнімді кезекті түсірілімнен кейін балаларымызбен өзіміз кешкі асқа бара саламыз деп жоспарладық. Сөйтсем күйеуім мен продюсерім Жан Мұқанов екеуі керемет жоспар құрып, маған тосынсый жасады. Мен күтпеген жерден көптен көрмеген құрбыларым, жақындарым Ақтаудан, Астанадан ұшып келген. Көктөбедегі су жаңа ресторан, айлы кеш, Алматы алақаныңда, жақындар жанымда мен үшін үлкен мереке осы болды. Бір күн қалғанда жіберілген шақыртуды бірден қабыл алып, құттықтап келген құрметтеген жүректеріңізден айналдым. Үлкен рақмет», – деп жазды Тамара Асар.

Сонымен қатар өнер иесі осы кешті ұйымдастырып, өзіне ерекше көңіл күй сыйлаған отағасына алғысын айтты.

«Мені осындай қуанышқа бөлеген Бапасына бас идім. Сол кешке барын салып ұйымдастырған Жан бауырыма, Жұлдызай көмекшіме балаларыма алғыс айтамын», – деді ол.

Фото: instagram.com/tamara_assar_official


ПІКІР ЖАЗУ