«2 жасар қызымды туған әкесі зорлады» деген келіншек Тоқаевтан көмек сұрады
Өскемен қаласының тұрғыны күйеуінің 2 жасар туған қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасағанын айтты , деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіде әділдік іздеген келіншектің видеосы тарады. Айтуынша, оның күйеуі туған қызына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.
«Менің қызымның жасы - 2 жас 8 ай. Туған әкесі қызыма сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған. Тергеу жүріп жатыр. Үш ай өтсе де әлі күнге дейін оның жасаған әрекеті менің баламның есінде, түнімен ұйықтамайды, шошып оянады. Әділдік іздеймін, өтінемін көмектесіңіздер», - деген әйел президенттен көмек сұрады.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қыздың әкесі қамауда отырғанын хабарлады.
«Осы факт бойынша Өскемен қаласының полиция басқармасы қамауда отырған Шығыс Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - дейді полициядағылар.
Соңғы жаңалықтар