"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгеретін болды
Ұлттық Банк 7-20-25 ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізді.
Өзгерістер Ұлттық Банктің 2024 жылғы 30 қазандағы № 65 Басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:
- 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгілеу;
- "7-20-25" бағдарламасы бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды енгізу;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды