Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш әйелді қағып кетті

Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш әйелді қағып кетті
Видеодан кадр

Жамбыл облысының Қордай ауылында BMW маркалы жол талғамайтын көлік тротуарда тұрған үш әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 18 қазан күні таңертең болған.

Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушіге қатысты материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданғанын хабарлады.

Аталған бап бойынша 173 мың теңге көлемінде айыппұл салу немесе тоғыз айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, зардап шеккен әйелдердің жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Полицияның мәліметінше, үш әйелдің өзі жүргізушіге қатысты шағымы жоқ екенін айтып, одан бас тартқан.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу