“84 адам із-түзсіз кетті”: 9 адам қайғылы жағдайда жан тапсырды

“84 адам із-түзсіз кетті”: 9 адам қайғылы жағдайда жан тапсырды
Фото: freepik.com

Қытайда қатты жел салдарынан қайықтар төңкеріліп, кем дегенде 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Цзянси қаласында төрт қайықтың аударылуынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. 

Оқиға 4 мамырда Гуйчжоу провинциясындағы өзенде болды. Қатты жел қайықтарды аударып жіберді, 84 адам суда қалды. Тоғыз адам қайтыс болғаны туралы әзірге белгілі, бір адам хабар-ошарсыз кетті. Зардап шеккендердің 70-і ауруханаға жеткізілді. 

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Оларға жарты мыңға жуық құтқарушылар, полицейлер мен дәрігерлер көмектесуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу