«85% жарап тұрсың, тек бір аяғың жоқ». Шымкенттік параволейболшы әскерге шақырылған

04.08.2026 14:05 Томирис САҒЫНДЫҚ
«85% жарап тұрсың, тек бір аяғың жоқ». Шымкенттік параволейболшы әскерге шақырылған
132

Шымкенттік параволейболшы Дәулет Садықов бір аяғының жоқ екеніне қарамастан, әскерге шақырылғанын мәлімдеді. Комиссия оған «85 пайыз жарайсың» деп айтқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында әңгімеледі.

«Шақыру берді. 1414-тен хабарлама келіп, тексеріске барғанымда: «85 пайыз жарамдысың, тек бір аяғың жоқ», — деді. Ойға сыймайтын нәрсе, қалай болғанын білмеймін. Босату қағазын алуым да керек болды. Күні ертең жұмысқа кіретін болсам, ол да бір жерге керек болып қалар деп алдым», — деді Дәулет Садықов.

Ары қарай ол бір аяғының жоқ екеніне қарамастан, «жарамсыз» деген анықтама берілмегенін айтты.

«Алып кетеміз» демейді, жай ғана «жарамды» деп берді. Маған негізі «мына диагноз бойынша жарамсыз» деген анықтама керек еді. Ал маған ондай берген жоқ, жай ғана «85 пайыз жарамды» деп берді. Болды, сонымен», — деп қосты параволейболшы.

«Мен мынаны естіп, шынымды айтсам, не күлерімді, не жыларымды білмей отырмын... Қазақстан емес, Қызықстан болып тұрмыз енді! Бірақ қазір босатты ғой, ә? Бәрі жақсы ма?» — деп таңғалды журналист.

Войдите, чтобы оставить комментарий