96 жастағы Бибігүл Төлегенова шәкіртімен бірге ән шырқап, ел жүрегін елжіретті
576
Опера әншісі Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіде КСРО халық әртісі, қазақ өнерінің аңызы Бибігүл Төлегеновамен бірге түсірілген әсерлі видеомен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz
Бейнежазбада қос өнер иесі қарапайым үй жағдайында, жайылған дастархан басында анаға арналған тебірентерлік әнді бірге орындайды. Жылы атмосферада түсірілген бұл кадрлар көп ұзамай желіде кең тарап, көрермендердің жүрегін қозғады.
Зарина Алтынбаева жазба астында:
«96 жасында да опера дивамыздың дауысы қандай ғажап естіледі! Тыңдап көріңіздер», – деп жазды.
Желі қолданушылары қос әншінің дуэтіне ерекше ықылас білдіріп, Бибігүл Төлегеноваға ұзақ ғұмыр тілеп, Зарина Алтынбаеваға шығармашылық табыс тіледі.
Пікірлерде:
«Барлық аналар аман болсын», «Дауысы әлі де керемет», «Осындай әсерлі сәттер үшін рақмет», «Тамаша дуэт», «Нағыз аңыздар», «Браво», «Екі дива», – деген жылы лебіздер жазылды.
Соңғы жаңалықтар
15.09.2026
10:49
БҚО-да «Охотзоопром» филиалының басшысы 5 млн т...
15.09.2026
10:31
«Ағамнан ұтылу ұят емес» Еркебұлан Тоқтар Дания...
15.09.2026
10:19
Экология министрлігін басқарған Ерлан Нысанбаев...
15.09.2026
10:04
Түркістан облысындағы зауытта танымал спортшы қ...
15.09.2026
09:23
Айжұлдыз Адайбекова жарымен түскен романтикалық...
15.09.2026
09:06
«Шәйіне дәрі қосып»: Қызылордада жаттықтырушы о...