Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы жүктілігін сүйіншіледі

Әнші Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Сымбат Абайқызы өткен аптада өзінің сәби күтіп жүргенін сүйіншілеген болатын. Осыдан кейін хейттің астында қалған ол желідегі парақшасында көпшілікке үндеу жасады.
"Әкеңнен ұялмайсың ба? Қарныңды құшақтап не болды, сенен басқалары да туып жатыр ғой, деген хейт көп. Осыдан алты ай бұрын осы жаңалықты білдік. Содан кейін 9 айға толғанша ешкімге айтпаймын деп ойладым. Өйткені көз бар, сөз бар қорықтым. Мені өте көп адам қарайды. Бірақ бетім ісіп кеткен, салмақ қостым. Сіздерден ұялып та жүрмін. Бірақ көбі құттықтап, жылы лебіздерін арнап жатыр. Бірақ қарама-қайшы пікір жазып жатқандар да бар. Амал жоқ, артқа қайтатын жол жоқ. Барлығы білгеннен кейін парақшамда да бөлістім. Енді сіздерден жақсы сөздер күтемін", - деді ол.
Соңғы жаңалықтар





