Абай Бегейдің қыздары тағы сынға ұшырады

Абай Бегейдің қыздары тағы сынға ұшырады
05.08.2025 20:14
0
62
Фото: instagram.com/symbatabaikyzy

Эстрада жұлдызы Абай Бегейдің ортаншы қызы Сымбат Абайқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қыз баланың құндылығы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» делінген екен.

Шүкір әкеміздің төрт бірдей гүлі бар”, — деп жазды ол. 

Алайда, жұлдызды отбасының әлеуметтік желідегі оқырмандары олардың отбасылық фото, видеоларында әншінің екінші жарынан туған қызының көрінбейтінін айтып, қатаң сынауда. 

“Неге Фаризадан туған қызды да қалдырмай бірге алып түспейсіздер? Үнемеі тек үшеуің түсе бересіңдер”, “Осылар Фаризадан туған қызды қатарларына қоспайды”, “Осылар үшеуі бөлектеніп жүреді екен”, — деп жазды олар. 

Еске сала кетейік, Абай Бегейдің алғашқы жары 2016 жылы дүниеден озды. Оның тұңғыш некеден үш қызы және бір ұлы бар. 2018 жылы Абай Бегей өзінен 16 жас кіші Фариза Жұмановамен қайта шаңырақ көтерді. Екінші некеден өнер адамының үш баласы бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий