Абай облысында көшеден пышақталған қыздың мәйіті табылды
Абай облысына қарасты Бородулиха ауылында тұрғын өз үйінің жанынан пышақтап өлтірілген бойжеткеннің мәйітін тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 13 шілдеде таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Ауыл тұрғыны қансыраған денені көре сала бірден полицияға хабар берген. Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
"Ізін суытпай 20 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша күдікті мен марқұм таныс болған. Олардың арасында жеке араздық салдарынан жанжал шыққан", – делінген Абай облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...