Адам кіре алмайтын дәретханалар үшін жол компаниясының бастықтары жұмыстан қуылды
Тасжолдардағы лас дәретханалар үшін «ҚазАвтоЖол» басшылары жазаланды.
Көлік министрлігі республикалық маңызы бар автожолдардағы сервис нысандарын тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының бірқатар басшысы жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствода жол саласының көктемгі құрылыс маусымына дайындығы пысықталған жиын өтіп, онда азаматтардан түскен шағымдар негізінде күрежол бойындағы дәретханалардың жай-күйі қаралды. Арнайы сапа орталығы 600 астам санитарлық торапты тексеріп, оның ішінде 13 нысанның мүлдем жұмыс істемейтінін және 69 дәретхананың тазалық талаптарына сай келмейтінін анықтаған. Осы олқылықтарға байланысты Ақмола облысындағы «ҚАЖ-Сервис» мекемесі филиалының басшысы қызметінен босатылып, бақылауды уақытылы жүргізбегені үшін «ҚазАвтоЖол» компаниясының бірнеше жауапты тұлғасына тәртіптік жаза қолданылды.
Бұдан бөлек жиында автожолды қайта құру және жөндеу жұмыстары мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды