"Әйелің бір күнде сатып жібереді": Қайрат Әділгерей мәлімдеме жасады
424
Отандық танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей ел алында анасымен қол ұстасып шыққан Елдос Сметовке қолдау білдірді. Ол Париж Олимпиадасының чемпионын сынау өте орынсыз екенін жеткізді.
Қайрат Әділгерей Елдос Сметовты қолдай отырып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаевты мысалға келтірді. Актер қиын жағдайда адамды тек анасы ғана қызғыштай қорғайтынын жеткізді.
"Бүкіл Қазақстан Бишімбаевты жерден алып, жерге салып жатқанда жалғыз анасы ғана қорғады. "Ол – менің балам. Қорғануға толық құқығы бар" деді. Тек қана Бишімбаевтың жағында анасы ғана қалды. Осыдан-ақ білуге болады. Алладан кейінгі ең мейірімі шексіз адам, ол - ана. Бітті. Ол талқыланбауы керек. Сенің 30-40 жыл бойы қойныңдағы әйелің бір күнде сатып жібереді. Жақсы көрмей қалуы мүмкін, сенен кетіп қалуы мүмкін, тіпті соттасуы да мүмкін. Балаларын алып кетіп, көрсеткізбей де қояды. Міне, ана қандай жағдай болса да, баласын қорғайды. Анадан ондай жамандық күтпейсің. Өйткені, ол - ана", - деді Қайрат Әділгерей әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...