Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін
Жақында әнші Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақ бортында төбелес шығарған, деп хабарлайды politico.kz.
Төбелестің нәтижесінде басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірілді.
Жәбірленушінің аты-жөні Асылбек Бекқайыров.
Әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екі адамды да бөлімшеге алып барды. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық рәсімделді: денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы хаттама.
Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. Екі құқық бұзушылық үшін әнші 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
Құқық қорғау органдары Қайрат Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293 - бабының 2-бөлігі – "әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды