«Әкем қайтқан күні сүйінші хабар естідім»: Ернар Айдар қайғыра алмай есеңгірегенін айтты
Танымал әнші Ернар Айдар жеке өміріне қатысты жаңалықты айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің желтоқсан айында әкесі дүниеден озған еді. Сөзінше, сол күні келіншегі босанып, ұлды болған.
“Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. “Өлгеннің артынан өлмек жоқ”, “Қайғы мен қуаныш қатар жүреді” деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім”, – деп жазды әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...