Әкенің 7 қызына жасаған сыйлығы жұртты сүйсінтті

Әкенің 7 қызына жасаған сыйлығы жұртты сүйсінтті
Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде әкенің өз 7 қызына жасаған ерекше сыйлығы көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видеода әке қыздарына гүл шоқтарын, шарлар мен тәттілер таратып, оларды қуанышқа бөлейді. Ал ең кішкентай қызына памперс сыйлап, әзілмен қатар қамқорлығын көрсетеді.

Ең әсерлі сәт – анасына арналған сыйлық болды. Ол жарына сақина мен сырғадан тұратын зергерлік бұйым жиынтығын сыйлап, өз махаббаты мен құрметін білдірді.

Желі қолданушылары бұл көрініске тәнті болып, «Нағыз отбасы», «Әкенің қыздарына деген махаббаты көрініп тұр», «Мұндай жанұялар көбейе берсін» деген жылы пікірлер қалдыруда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу