Әкімнің бірінші орынбасары ұсталды деген сыбысқа әкімдік жауап берді
Желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың қамауға алынғаны туралы таралған ақпаратқа қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін 13 ақпанда әлеуметтік желілерде шенеуніктің және тағы басқа тұлғалардың ұсталғаны туралы қауесет тараған еді. Алайда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамады.
«Әкімдікте лауазымды тұлғаға қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Желіде таралған ақпарат ресми дереккөзбен расталмаған. Қолда бар мәліметтер бойынша ол денсаулығына байланысты уақытша демалыс алған», – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Редакциямыз ақпараттың анық-қанығын білу үшін құзырлы органдарға ресми сауал жолдады.
Еске салайық, Жақсылық Омар саяси қайраткер Бекболат Тілеуханның жиен күйеу баласы болып табылады.
Омар Жақсылық Мұқашұлы – 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.
- 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;
- 2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін;
- 2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Мансап
- 2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы;
- 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің маманы;
- 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» бас менджері;
- 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;
- 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;
- 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы;
- 2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
- 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;
- 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі;
- 2024-04.04.2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңісшісі;
- 07.04.2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...