Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне қатысты тың мәлімет айтты

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне қатысты тың мәлімет айтты
instagram.com/zhuldizay_zhuldizay

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram желісіндегі парақшасында архивтегі видеосын жариялап, кәсіби музыкант екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Бұл 1997 – жыл. Жасым 16-да. Мен кәсіби домбырашымын, керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы кәсіби музыкантпын", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева. Актриса жазбасында 

"Сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді", деп сынайтын желі қолданушыларына да жауап берген. 

"Мен ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтың шәкіртімін кәсіби әртіспін! Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамадағанмын", - деді ол. 

Сондай-ақ актриса ең алғаш театрда өнер көрсетуіне себепкер болған ұстазын да еске алды. 

"5 сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді, ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан, фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп Кентаудан көшіп кетті", - дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу