"Әлемге әйгілі қазақ жұлдызы": Мажарстан премьер-министрі Димаш Құдайбергенге құрмет көрсетті
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген желіде Мажарстан премьер-министрімен ортақ жазба жариялады. Виктор Орбан әлемге әйгілі қазақ жұлдызымен кездескен сәтінен фото бөлісіп.
Димаш Құдайберген мен Виктор Орбан Instagram желісінде бірге түскен суретін жариялап, елді тәнті етті. Суретте Мажарстан премьер-министрі мен өнер иесінің қолдарын жүректерінің үстіне қойып, бір-біріне құрмет білдіргенін байқауға болады.
Аталмыш фотода Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Виктор Орбан күллі әлемге танылған Димаш Құдайбергенмен кездескен сәтінене фото бөлісіп, оның астына "Әлемге әйгілі қазақ жұлдызы Будапештте" деген жазба қалдырған. Желі қолданушылары аталмыш сәтке тәнті болып, әнші мен саясаткерге жылы лебізін білдірген.
"Қандай ерекше сәт. Димашты жақсы көрмейтін адам жоқ шығар", "Димашқа барлық жерде құрмет көрсетіп жатыр. Осы сәттерге куә болғаныма қуаныштымын", "Өз елінің нағыз беделді тұлғасы", "Димаш, қош келдің", "Ресми қабылдауларда жиі көрініп жүр. Деңгей деген осы", - деп жазуда көпшілік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
14:24
Тікелей эфирде балағат сөз айтқан: Ақтөбеде Tik...
26.10.2026
14:22
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызм...
26.10.2026
14:12
Мыс өңдеудің жаңа әдістемесі бекітілгеннен кейі...
26.10.2026
14:07
Ыстанбұлда қазақстандық қыз жұмбақ жағдайда қаз...
26.10.2026
13:31
Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
26.10.2026
13:22
Қазақстанда туған рэпер жазатайым оқиғадан кейі...