Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды

Маңғыстауда ұсталған екі шенеунік қамауға алынды
Фото: magnific.com

Маңғыстау облысында ұсталған Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаев пен Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Манарбек Бисекенов қамауға алынды. Тергеу соты оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Lada.kz тілшісіне олардың мүддесін қорғайтын «Omirbolat, Suyundukov & Assauova» адвокаттар кеңсесінің серіктесі, адвокат Айбек Сүйіндіков айтты.

Адвокаттың мәліметінше, сот екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау туралы шешімді 2026 жылы 26 қазанда санкциялаған.

Журналистердің сот шешімімен қорғауындағы азаматтардың келісетін-келіспейтіні туралы сұрағына адвокат нақты жауап бермеген. Тек «Меніңше, жауап түсінікті» деп қысқа қайырған.

Тергеу судьясының қамауда ұстауға санкция беру туралы қаулысына жарияланған сәттен бастап үш тәулік ішінде шағым түсіруге болады.

Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды. 

Еске салайық, бұған дейін Қарақия ауданының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Істің мән-жайы ресми түрде жарияланған жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу