Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешірді

01.06.2026 12:42 Әсел МҰРАТ
 Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешірді
222
Фото: ашық дереккөз

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фабари көшесінде үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына байланысты негізі сот талқылауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін сотқа онлайн қосылған жол апатына себепкер болған Zeekr жүргізушісі Александр Пак кінәсін толық мойындайтынын айтқан болатын.

Сондай-ақ марқұмдардың туыстары соттан күдіктіні бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрап отыр.

Жәбірленуші ретінде танылған марқұм жүргізуші Еламанның жақындарының айтуынша, олар Александр Пакпен өзара келісімге келген.

Сондай-ақ күдікті материалдық шығын мен моральдық өтемақыны толық өтеген. Жәбірленуші тарап бұл деректі растаған.

Марқұм Құмар Теңеубаеваның анасы Бақытгүл Жолдасова да Александр Пакқа ешқандай талап-арыз жоғын айтты. Ол да күдіктіні кешіретіні туралы өтінішхат жазған.

«Біздің ойымызша, оған шартты жаза тағайындау жеткілікті. Қазіргі уақытта да, болашақта да оған ешқандай талабымыз болмайды», – дейді жәбірленуші тарап.

Войдите, чтобы оставить комментарий