Әл-Фарабидегі жол апаты: Пактан жауап алатын кезде марқұмның туысы адвокаттан бас тартты

11.06.2026 17:31 Әсел МҰРАТ
Әл-Фарабидегі жол апаты: Пактан жауап алатын кезде марқұмның туысы адвокаттан бас тартты
223
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты істе жәбірленуші тарап адвокат Олег Черновтың қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы адвокат Анна Чернова мәлімдеді. Адвокат енді жәбірленушінің мүддесін қорғамайтынын жазды. 

«Бүгін әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша біз үшін күтілген процессуалдық оқиға болды. Мен және Олег Чернов өкілдік еткен жәбірленуші тарап біздің қызметімізден бас тартты. Біз бұл шешімді құрметтейміз және бізге көрсетілген сенім үшін алғыс білдіреміз. Іс бойынша жұмыс барысында біз қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын толық және жан-жақты тергеуі үшін барынша тырыстық. Сондықтан біз куәгерлерді шақырып, қиын сұрақтар қойдық және әрбірін егжей-тегжейлі тексеруді талап еттік», – деді Анна Чернова.

Айтуынша, олар қызметі үшін ешқандай ақы алмаған. Жәбірленушілердің мұндай шешімге не себепті барғаны оларға беймәлім. Дегенмен жәбірленушілердің бәрі өтемақы алып, сотталушымен татуласқан және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

«Біз Пактың онлайн емес, сотқа келіп куәлік беруін талап еттік. Бұл – сот процесінің негізгі кезеңдерінің бірі. Бізден бас тартудың нақты себептерін білмейміз. Дегенмен барлық жәбірленуші өтемақы алғанын, айыпталушымен татуласқанын және соттан оны бас бостандығынан айыру жазасына кеспеуді сұрағанын атап өтеміз», – деді адвокат.

Айтуынша, қорғаушылар тараптар татуласса да, қоғам әділ және ашық сот ісін жүргізуге, ал сот барлық сұраққа жауап алуға құқылы.

Ертең айыпталушы Александр Пактан жауап алынады. Алайда олар сотты бақылап, желіде бұл туралы ақпарат беріп отыратындарын атап өтті.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған. Zeekr көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен қарсы беттегі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам – жүргізуші мен 20 және 22 жастағы екі қыз қаза тапқан.  

Войдите, чтобы оставить комментарий