Алматы әуежайындағы оқиға: ІІМ үндеу жасады
270
Алматы халықаралық әуежайында болған қызметкерді кепілге алу оқиғасына байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, пышақпен қаруланған ер адам әуежай қызметкерін кепілге алып, жолаушыларға «бомба бар» деп қоқан-лоқы көрсеткен
Осы оқиға бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалды:
- Кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы) – 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу.
- Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
- Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату (ҚР ҚК 273-бабы) – 5 000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сот шешімімен күдікті 2 айға қамауға алынды.
ІІМ басшысы Ержан Саденовтың тапсырмасымен елдегі барлық әуежай мен теміржол вокзалдарында қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында:
- Әлсіз тұстарды анықтау,
- Қауіп-қатердің алдын алу шараларын күшейту,
- Тыйым салынған заттарды алып өтуге қарсы бақылауды күшейту,
- Қауіпсіздік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,
- Төтенше жағдайларға жауап беру алгоритмдерін жетілдірушаралары қарастырылады.
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін және болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
02.05.2026
13:11
“Зорлық көрсетті”: Танымал рэпер шоуда айтқан ә...
02.05.2026
13:04
Қазақмыс пен «Алматы» ӘКК ынтымақтастық туралы ...
02.05.2026
12:12
«81 адам құтқарылды, 27-і бала»: Түркістан облы...
02.05.2026
11:08
Тоқаевтың арқасында Польшада ұсталған қазақстан...
02.05.2026
09:54
“Қоштасу хатын жазған”: Таразда оқушы мектеп ғи...
02.05.2026
09:32
“Жұмысқа кеткен еді”: Қостанайда 21 жастағы жіг...