Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес орын алды

Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес орын алды
Бейнеден кадр
Алматы метросында жолаушылар сөмке үшін жаға жыртысты

Алматы метросында жолаушылар арасында төбелес орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оқиға жолаушылардың бірі сөмкесін шешуден бас тартқаннан кейін басталған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал кикілжіңге, кейін төбелеске ұласты.

"Бір жолаушы басқаларға кедергі келтірмес үшін сөмкесін шешуді сұрады, алайда иесі бас тартты. Осыдан кейін сөзге келіспей, соққыға жықты", – дейді оқиғаның куәгері.

Желіде тараған видеодан төбелестен кейін жерде қан іздері қалғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қатысушылардың бірі ауыр жарақат алған.

 

 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу