50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп директор ауысты

50-ден астам оқушы уланған РФММ-де мектеп директор ауысты
Фото: Exclusive.kz

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФМШ) филиалында басшылық ауысты, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Kozachkov offside” Telegram арнасына сілтемемен.

Қазан айында 50-ден астам оқушының тамақтан уланып қалуынан кейін мектеп директоры қызметінен кетті. 

Мәліметке сәйкес, бұған дейін Алматы филиалын басқарған Мейірлан Мейірбек өз қызметін босатқан. Алайда мектептегі жағдай әлі толық қалыпқа келген жоқ. Басқа қалалардан келген оқушылар әзірге интернатқа орналастырылмай отыр. Себебі балалардың тұруына міндетті шарт саналатын тамақтандыру қызметі әлі жолға қойылмаған.

Оқушылардың жаппай улану дерегі бойынша полиция тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы, яғни санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша қозғалған.

Айта кетейік, РФМШ оқушыларын тамақтандыру қызметін «Master Food» ЖШС көрсеткен. Компания Астаналық кәсіпкер Шынар Балсамбековаға тиесілі.

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында асхана қызметкерлерінен алтын түсті стафилококк анықталғаны хабарланған. Сонымен қатар тағам үлгілері мен ыдыстардан алынған сынамалардан ішек таяқшасы табылған.

Тексеру кезінде азық-түлікті сақтау талаптарының бұзылғаны, ас мәзірінде сәйкессіздіктер болғаны және қажетті құжаттардың жоқтығы да анықталған.

Қазіргі уақытта оқушыларды тамақтандыру жүйесі толық қалпына келмегендіктен, интернаттың жұмысы да бұрынғы тәртіпке оралған жоқ. Ал балалардың жаппай улануына кімнің жауапты екені тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу